2017 жылғы


Облыс коммуналдық меншігінің

 заңды тұлғалары туралы  ақпарат

2017 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша облыстағы Мемлекеттік мүлік тізілімінде облыс коммуналдық меншігінің 1394 заңды тұлғасы есепте тұр, оның ішінде 882 мемлекеттік мекеме және 512 квазимемлекеттік сектор субъектісі (416 коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын, 66 шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын, 2 акционерлік қоғам, жарғылық капиталында мемлекеттің қатысуы бар 28 жауапкершілігі шектеулі серіктестік).

Оның ішінде облыстық меншікте 208 заңды тұлғаның (99 ММ, 63 КМҚК, 36 КМК, 2 АҚ  және 8 ЖШС), қалалар мен аудандардың меншігінде – 1186 заңды тұлға (783 ММ, 353 КМҚК, 30 КМК және 20 ЖШС).

Облыс коммуналдық меншігінің 1394 ұйымы қызмет салалары бойынша  келесідей бөлінеді:

мемлекеттік басқару және қорғаныс, міндетті әлеуметтік қамтамасыз ету – 378 (27,1%);

білім беру – 647 (46,4%);

денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер – 83 (6,0%);

өнер, ойын-сауық және демалыс – 205 (14,7%);

ақпарат және байланыс – 16 (1,1%)

тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы – 15 (1,1%);

өзге салалар – 50 (3,6%).

Тұтастай алғанда, облыс бойынша 2017 жылғы 9 ай ішінде коммуналдық меншік заңды тұлғаларының саны 6 (0,4%) азайды.

Бұл ретте 2017 жылдан бастап:

18 ұйым тіркелді;

16 ұйым таратылды;

қосу арқылы 2 ұйым қайта ұйымдастырылды;

қайта құру жолымен КММ-ге 17 КМҚК қайта ұйымдастырылды;

қазыналық кәсіпорнынан шаруашылық жүргізу құқығындағы кәсіпорынға 2 КМҚК түрін өзгертті;

6 ұйым иеліктен шығарылды.


Облыс коммуналдық меншігінің заңды тұлғалары туралы  ақпарат

2017 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша облыстағы Мемлекеттік мүлік тізілімінде облыс коммуналдық меншігінің 1385 заңды тұлғасы есепте тұр, оның ішінде 871 мемлекеттік мекеме және 514 квазимемлекеттік сектор субъектісі (418 коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын, 66 шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын, 2 акционерлік қоғам, жарғылық капиталында мемлекеттің қатысуы бар 28 жауапкершілігі шектеулі серіктестік)

Оның ішінде облыстық меншікте 207 заңды тұлғаның (98 ММ, 63 КМҚК, 36 КМК, 2 АҚ  және 8 ЖШС), қалалар мен аудандардың меншігінде – 1178 заңды тұлға (773 ММ, 355 КМҚК, 30 КМК және 20 ЖШС).

Облыс коммуналдық меншігінің 1385 ұйымы қызмет салалары бойынша  келесідей бөлінеді:

мемлекеттік басқару және қорғаныс, міндетті әлеуметтік қамтамасыз ету – 375 (27,1%);

білім беру – 644 (46,5%);

денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер – 83 (6,0%);

өнер, ойын-сауық және демалыс – 203 (14,6%);

ақпарат және байланыс – 16 (1,2%)

тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы – 14 (1,0%);

өзге салалар – 50 (3,6%).

 

Тұтастай алғанда, облыс бойынша 2017 жылдың бірінші жартыжылдығында коммуналдық меншік заңды тұлғаларының саны 19 (1,4%) азайды.

Бұл ретте 2017 жылдан бастап:

3 ұйым тіркелді:

— «Ақсу қаласының № 5 бастауыш мектебі» КММ;

— «Ақсу қаласы Қызылжар ауылдық округі Суаткөл ауылының бастауыш мектебі» КММ;

— Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы білім беру басқармасының «Павлодар ауданының психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ;

11 ұйым таратылды:

— «Ақтоғай ауданының Қаракөк бастауыш мектебі» КММ;

— Ақтоғай ауданының әкімдігі Ақтоғай ауданы білім беру бөлімінің «Ақтоғай ауданының психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті» КММ;

— Баянауыл ауданы әкімдігі Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің «Баянауыл ауданының психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ;

— Ертіс ауданы әкімдігі Ертіс ауданы білім беру бөлімінің «Ертіс ауданының психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ;

— Качир ауданы әкімдігі Качир ауданы білім беру бөлімінің «Качир ауданының психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ;

— Павлодар ауданы әкімдігі Павлодар ауданы білім беру бөлімінің «Павлодар ауданының психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ;

 

— Шарбақты ауданы әкімдігі Шарбақты ауданы білім беру бөлімінің «Шарбақты ауданының психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ;

— «Май ауданының психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ;

— «Санаторлық үлгідегі Шалдай мектеп-интернаты» ММ;

— Павлодар ауданы әкімдігі Павлодар ауданы ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің «Коммунальщик» КМК;

— «Апта айнасы» және «Сельские будни» аудандық газеттерінің редакциясы» ЖШС;

қосу арқылы 2 ұйым қайта ұйымдастырылды:

— «Ақсу туберкулезге қарсы ауруханасы» КМҚК;

— Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының «Екібастұз туберкулезге қарсы ауруханасы» КМҚК;

қайта құру жолымен КММ-ге 7 КМҚК қайта ұйымдастырылды:

— Павлодар қаласы әкімдігі Павлодар қаласы дене шынықтыру және спорт бөлімінің «№ 3 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» КМҚК;

— Павлодар қаласы әкімдігі Павлодар қаласы дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Балалар-жастар спорт орталығы» МКҚК;

— Павлодар қаласы әкімдігі Павлодар қаласы дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Спорттың қысқы түрлері бойынша балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» КМҚК;

— Павлодар қаласы әкімдігі Павлодар қаласы дене шынықтыру және спорт бөлімінің «№ 5 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» КМҚК;

— Павлодар қаласы әкімдігі Павлодар қаласы дене шынықтыру және спорт бөлімінің «№ 1 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» КМҚК;

— Павлодар қаласы әкімдігі Павлодар қаласы дене шынықтыру және спорт бөлімінің «№ 4 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» КМҚК;

— «Железин ауданы әкімдігі «Железин ауданы білім беру бөлімі» ММ-нің «Сұңқар» балалар-жасөспірімдер клубы» МКҚК;

қазыналық кәсіпорнынан шаруашылық жүргізу құқығындағы кәсіпорынға 2 КМҚК түрін өзгертті:

— Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының «Павлодар ауданының емханасы» КМҚК;

— Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының «Май орталық аудандық ауруханасы» КМҚК;

6 ұйым жекешелендірілді:

— «Павлодар Геокарта» ЖШС,

— «Павлодарградкадастр» ЖШС,

— «Екібастұзкоммунсервис» ЖШС,

— Екібастұз қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Спортсервис» КМҚК;

— «Өрлеу» көпсалалы фирмасы» ЖШС;

— «Ана тілі» орталығы» ЖШС.


Облыс коммуналдық меншігінің заңды тұлғалары бойынша  ақпарат

2017 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша облыстағы мемлекеттік мүлік тізілімінде облыс коммуналдық меншігінде 1400 заңды тұлғасы есепте тұр, оның ішінде 865 мемлекеттік мекеме және 535 квазимемлекеттік сектор субъектісі (432 коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын, 66 шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын, 2 акционерлік қоғам, жарғылық капиталында мемлекеттің қатысуы бар 39 жауапкершілігі шектеулі серіктестік)

Оның ішінде облыстық меншікте 211 заңды тұлғалардың (98 ММ, 66 КМҚК, 35 КМК, 2 АҚ  және 10 ЖШС), қалалар мен аудандардың меншігінде – 1189 заңды тұлға (767 ММ, 366 КМҚК, 31 КМК және 25 ЖШС).

Облыс коммуналдық меншігінің 1400 ұйымы қызмет салалары бойынша  келесідей бөлінеді:

мемлекеттік басқару және қорғаныс, міндетті әлеуметтік қамтамасыз ету – 375 (26,8%);

білім беру – 649 (46,3%);

денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер – 85 (6,1%);

өнер, ойын-сауық және демалыс – 203 (14,5%);

тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы – 17 (1,2%);

өзге салалар – 71 (5,1%).

Жалпы облыс бойынша 2016 жылда заңды тұлғалар саны 9-ға (0,6%) азайды. Бұл ретте, бір жыл ішінде 13 ұйым тіркелді, 15 ұйым таратылды және қосу жолымен қайта ұйымдастырылды, 7 ұйым жекешелендірілді.

Айта кету керек, 13 жаңадан құрылған ұйымдардың 12-сі қызметін әлеуметтік салада жүзеге асырады (6 білім беру ұйымы, 4 денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау ұйымы, 2 мемлекеттік орган), облыстың инновациялық секторын дамыту үшін жағдай жасау мақсатында бір ЖШС «Павлодар аймақтық ғылыми-технологиялық орталығы» (жарғылық капиталына мемлекеттің қатысу үлесі 49% мөлшерінде) құрылды.

Бір жылда 10 жұмыс істемейтін ұйым таратылды, 5 ұйым қосу жолымен қайта ұйымдастырылды («Екібастұз қаласының жедел және кезек күттірмейтін жәрдем станциясы» КМК «Екібастұз қалалық ауруханасы» КМК-на, «Ақсу тарихи-өлкетану мұражайы» КМҚК, «Шарбақты тарихи-өлкетану мұражайы» КМҚК және «Екібастұз тарихи-өлкетану мұражайы» КМҚК – Г.Н. Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану мұражайыкМҚК-на; «Ақсу қаласының мемлекеттік мұрағаты» КММ – «Павлодар облысының мемлекеттік мұрағаты» КММ-не)

Жекешелендіру жолымен 7 ұйым иеліктен шығарылды: Облыс әкімі аппаратының «Ақпараттық-техникалық сервис» ЖШС; облыс денсаулық сақтау басқармасының «Павлодар облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы» КМҚК; «Горкомхоз-Павлодар» ЖШС, «№ 1 Автобус паркі» ЖШС және Павлодар қаласы әкімдігінің «Павлодарлифт» ЖШС, Ақсу қаласы әкімдігінің «Горкомхоз-Ақсу» ЖШС; «Екібастұз қаласының муниципалдық базары» ЖШС (жарғылық капиталдың 49%).

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы  № 1141 қаулысымен бекітілген Республикалық жекешелендірудің кешенді жоспарының шеңберінде 2016-2020 жылдары облыс бойынша бәсекелес ортаға беруге 31 ұйым жатады, оның ішінде 24 коммуналдық меншік ұйымы және «Павлодар» ӘКК» ҰК» АҚ  7 еншілес ұйымы. Оның ішінде 21-і сатылуы тиіс, сенімгерлік басқаруға беруге 9 ұйым (7 спорт объектісі және Екібастұз қаласының ТКШ-ның 2 объектісі), таратылуға – 1 ұйым жатады.

ҚР Үкіметінің қаулысын орындау  мақсатында 2016 жылғы 1 ақпанда облыс әкімдігінің «Жекешелендірудің 2016 – 2020 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы» № 21/1 қаулысы қабылданды. Павлодар облысы бойынша Жекешелендірудің кешенді жоспары бекітілді, облыс коммуналдық меншік ұйымдарын және 2016-2020 жылдарда бәсекелес ортаға «Павлодар» ӘКК» ҰК» АҚ ұйымдарын беру тізбелер, тәсілдері мен мерзімдері бекітілді. Сондай-ақ, объектілерді сатуға алдын ала дайындау мен сатуды өткізу бойынша, жекешелендіру барысын ақпараттық сүйемелдеу бойынша бірқатар ұйымдастыру іс-шаралары көзделген.

Облыс коммуналдық меншігі ұйымдарының әрі қарайғы қызметі бойынша ұсыныстар әзірлеу мақсатында облыс әкімдігінің 2016 жылғы 7 сәуірдегі № 127/3 қаулысымен облыс әкімінің бірінші орынбасары Д.Н.Тұрғановтың төрағалығымен Коммуналдық меншік объектілерін  оңтайландыру және бәсекелес ортаға беру мәселелері жөніндегі комиссия құрылды, оның құрамында 14 мүшенің 7-еуі – бизнес және Өңірлік кәсіпкерлер палатасының өкілдері, 7 – мемлекеттік органдардың және «Павлодар» ӘКК» ҰК» АҚ-ның өкілдері.

2016 жылы Комиссияның 2 отырысы өткізді.

2016 жылғы 21 маусымдағы Комиссия отырысында бәсекелес ортаға беруге жататын объектілер тізбесін толықтыру шешімі қабылданды –«Павлодар» ӘКК» ҰК» АҚ еншілес ұйымы болып табылатын «Ертіс-Өркені» ЖШС қосымша енгізілді (сату мерзімі – 2020 жыл). Облыс әкімдігінің 2016 жылғы 1 ақпандағы № 21/1 қаулысына тиісті толықтырулар енгізілді.

Осылайша, бекітілген тізбелерге сәйкес, бәсекелес ортаға беруге 32 ұйым жатады, оның ішінде 24 коммуналдық меншік объектісі, «Павлодар» ӘКК» ҰК» АҚ-ның 8 ұйымы.

2016 жылғы 6 қазандағы комиссия отырысында Жекешелендірудің кешенді жоспарының орындалу барысы қарастырыды, объектілерді бәсекелес ортаға беру кестесін сақтау, жекешелендіру процесін тиісті ақпараттық сүйемелдеу бойынша тапсырмалар берілді.

 


Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа