Мемлекеттік қызмет оң беделі

Мемлекеттік қызметтің оң беделін арттыру

Басқарма басшылығының былтыр жоғары оқу орындарының түлектерімен өткізген кездесулері, «Ашық есік күндері», «Дөңгелек үстелдері», брифингтер мен семинар-кеңестері, тағы да басқа іс-шаралары мемлекеттік қызметшінің оң имиджін қалыптастыру және мемлекеттік қызмет абыройын арттыруға әсер етпей қоймады.

2011 жылы төрешіліктің алдын алу, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалар нормаларын бұзушылықтың жол кесу бойынша 50-ден астам ақпараттық және аналитикалық материалдар дайындалып, қолданыстағы заңнамаларды бұзбау жөнінде 189 нұсқау мен ұсыныс әзірленді.

Ақпараттық-аналитикалық материалдар (буклеттер), ақпараттық парақшалар мен баспасөз релиздері дайындалып, халықтың хабардар болуы үшін республикалық, облыстық, аудандық және қалалық баспа беттерінде мақалалар жарық көрді.

Тәртіптік кеңестің бұқаралық ақпараттар құралдарының қатысуымен өткізетін отырыстары да мемлекеттік қызметтің имиджін арттыруға орасан зор септігін тигізеді. Ол отырыстарда еңбек және мемлекеттік тәртіпті сақтау мәселелері ғана талқыланып қоймай, мемлекеттік қызметті жетілдіру, сапалы мемлекеттік қызмет көрсету және қолданыстағы заңдарды білу жөнінде нұсқаулықтар беріледі.

«Қазақстан — 2030» стратегиясында айқындалған мемлекеттік қызметті дамытудың ұзақ мерзімді басымдылықтары мемлекеттік қызмет имиджін арттыруда маңызды фактор болып табылады. Көрсетілген стратегия аясында ҚР Президентінің 2011 жылғы 21 шілдедегі № 119 жарлығымен қабылданған Мемлекеттік қызметтің жаңа моделі тұжырымдамасы мемлекеттік қызметшінің кәсібилілігін арттыруға, жоғары корпоративті мәдениетті қалыптастыру және қызмет этикасынның нормаларын жетілдіруге, халықтың мемлекеттік билік институттарына деген сенімділігін арттыруға бағытталған мақсатты индикаторларға ие.

Осы мақсатта Басқарма облыстың барлық қалалары мен аудандарында мемлекеттік қызметшілер арасында кездесулер мен семинар-кеңестер өткізді. Аймақтық орталықтағы курстарда Мемлекеттік қызметтің жаңа моделі тұжырымдамасы түсіндіріліп, талқылануда. Бұл тақырыпта 2 телебағдарлама ұйымдастырылып, радиодан екі рет баяндама жасалды, баспа беттерінде 11 мақала жарық көрді.

Мемлекеттік қызмет имиджінің айтарлықтай өсуі жайлы мемлекеттік қызметке түскісі келетін конкурсанттар санының арту факті айта алады. Бір орынға 2010 жылы 3,8 адамнан болса, 2011 жылы 5,5 адам таласқан.