Өмірбаяндар

Павлодар облысының қаржы басқармасы


1

НҰРЛАН ШАЙХСЛЯМҰЛЫ ДҮЙСЕНБИНОВ — «Павлодар облысының қаржы басқармасы» ММ басшысы

1973 жылы туған, қазақ, білімі жоғары. 1994 жылы Қарағанды кооператив институтын «Қаржы және несие» мамандығы және 2003 жылы Қарағанды Қазтұтынуодағы экономикалық университетін «Заң тану» мамандығы бойынша  аяқтады.

Еңбек жолын «Игілік» банкі филиалында маман ретінде  бастады.  Ильич ауданы бойынша  салық комитетінің бас салық инспекторы,  Павлодар қаласы  бойынша салық комитеті мен  Павлодар облысы  бойынша  салық комитетінің бөлім бастығы қызметін атқарды.

2005 жылы Павлодар қаласы бойынша салық комитеті төрағасының орынбасары, кейін оның төрағасы болып тағайындалды.

2008 — 2014 жылдар аралығында Павлодар облысы бойынша салық департаменті басшысының орынбасары болып қызмет етті.

2014 жылғы тамыз айынан 2016 жылғы 29 сәуірге дейін Павлодар облысы бойынша  тексеру комиссиясының төрағасы;

2016 жылғы 29 сәуірден 2017 жылғы 15 қарашаға дейін Ақсу  қаласының әкімі;

2017 жылғы 15 қарашадан осы уақытқа дейін Павлодар облысы қаржы  басқармасының басшысы.


Безымянный

Беготаева Қадиша Қабылдақызы – қаржы басқармасы басшысының орынбасары

Беготаева Қадиша Қабылдақызы – 1969 жылдың 10 қаңтарында Новосібір облысы Татар ауданы Кочневка ауылында дүниеге келген, қазақ, білімі – жоғары, 1990 жылы Қарағанды кооперативтік институтын «Бухгалтерлік есеп және шаруашылық қызметті талдау» мамандығы бойынша тәмамдады.

Еңбек жолын 1990 жылы Железин аудандық тұтыну одағы автошаруашылығының бухгалтері болып бастады. 1992 жылдан 1993 жылға дейін – Железин аудандық тұтыну одағының бас бухгалтерінің қаржы бойынша орынбасары. 1993 жылдан 1995 жылға дейін – Железин аудандық тұтыну одағының Червоноукраиский кеңшары жұмысшылары кооперативінің бас бухгалтері. 1995 жылдан 1999 жылға дейін – Железин аудандық қаржы бөлімі бас бухгалтерінің орынбасары, бас бухгалтері. 1999 жылдан 2004 жылға дейін – Железин ауданының қаржы және экономика басқармасының бухгалтерлік есеп және есептілік бөлімінің бастығы. 2005 жылдан 2006 жылға дейін – Железин ауданының экономика және қаржы бөлімі бастығының қаржы және коммуналдық меншік мәселелері жөніндегі орынбасары. 2006 жылдан 2015 жылдың 13 шілдесіне дейін – Железин ауданының қаржы бөлімінің басшысы, 2015 жылғы 13 шілдеден 24 шілдеге дейін – Павлодар облысы қаржы басқармасының ішкі бақылау бөлімінің бас маманы, 2015 жылдың 24 шілдесінен – Павлодар облысы қаржы басқармасы басшысының орынбасары. Павлодар облысының қаржы саласына сіңірген көпжылдық еңбегі үшін Павлодар облысының 75 жылдығы мерейтойлық медалімен, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің Құрмет грамотасымен, облыс әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталған. Тұрмыста, екі қыз тәрбиелеп отыр.


1
Бипау Дәметкен Бүркітқызы Павлодар облысы қаржы  басқармасы басшысының орынбасары.

Бипау Дәметкен Бүркітқызы 1965 жылғы 28 мамырда Ресей, Вострово ауылында туды, қазақ, білімі жоғары, 1987 жылы Таулы Алтай мемлекеттік педагогикалық институтын биология және химия мамандығы бойынша, 1999 жылы Алматы экономика және статистика институтын бухгалтер-экономист мамандығы бойынша аяқтады.

Еңбек  жолын 1987 жылы  Алтай  өлкесі Романовск ауданы орта мектебінің   мұғалімі  ретінде бастады. Сол жылы Алтай өлкесі Романовск аудандық  комитетінің оқушы  жастар бөлімінің хатшы- меңгерушісі лауазымына тағайындалды.

—  1989 — 1993 жылдары Алтай өлкесі Усть-Коксинск орта мектебінің химия және  биология пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеді;

— 1993 жылғы тамыздан 2000 жылға дейін – Мемлекеттік мүлік бойынша Павлодар аумақтық комитетінің  жетекші маманы, бас маманы;

— 2000 жылғы наурыздан 2005 жылғы 31 қаңтарға дейін «Павлодар облысының коммуналдық меншік департаменті» ММ бас маманы;

—  2005 жылдан 2014 жылға дейін «Павлодар облысының қаржы департаменті» ММ  бөлім бастығы.

— 2014 жылғы мамырдан 2016 жылға дейін «Павлодар қаласының экономика және  бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ басшысы.

— соңғы лауазымы «Павлодар облысының қаржы  басқармасы» ММ  бөлім басшысы.

Тұрмыста, екі бала тәрбиелеп отыр.


Безымянный2

Павлодар облысы қаржы басқармасы басшысының орынбасары Жеңіс Қайырлыұлы Шақатов

1972 жылғы 9 мамырда туған, екі жоғары білімі бар. 1994 жылы Қазақ мемлекеттік техникалық университетін өнеркәсіптік жылу энергетикасы мамандығы, 1996 жылы ҚР Мемлекеттік комстат және Еңбек министрлігі Республикалық салааралық есепке алу кадрларын даярлау институтын бухгалтер-экономист мамандығы бойынша аяқтады.

Павлодар қаласы бойынша салық инспекциясының бас инспекторы, ҚР ҚМ Павлодар облысы бойынша Салық комитеті аудит басқармасының  жеке тұлғалар аудитін ұйымдастыру бөлімінің бастығы, Успен ауданы бойынша салық комитетінің төрағасы, Ақсу қаласы бойынша салық басқармасының бастығы,  Павлодар қаласы бойынша салық басқармасының бастығы,  Павлодар қаласы  әкімінің орынбасары,  Екібастұз қаласы  әкімінің  орынбасары қызметтерін атқарды.

2018 жылғы 27 наурызда «Павлодар облысының қаржы басқармасы» ММ басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды.

 


1

Капбасов Арман Бауыржанұлы – персоналды басқару және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің басшысы. Капбасов Арман Бауыржанұлы 1985 жылғы 25 ақпанда туды, туған жері Ресей, Омск қаласы, қазақ, білімі жоғары, 2007 жылы ҚР ІІМ ІӘ  жоғары әскери училищесін   инженер-экономист мамандығы бойынша, 2013 жылы – Қарағанды    Қазтұтынуодағы экономикалық университетін заңтану мамандығы  бойынша аяқтады.

2003 – 2010 жылдары  ҚР Қарулы күштер қатарында қызмет етті.

2012 жылдан бастап әкімшілік мемлекеттік қызметші – Павлодар қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің,   ҚР ҰЭМ Павлодар облысы бойынша табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті  қорғау департаментінің бас маманы қызметін атқарды.

2015 жылғы тамыз айынан бастап Павлодар облысы әкімінің аппараты   ұйымдастыру-инспекторлық  бөлімінің бас маманы.

2016 жылғы қараша айынан осы уақытқа дейін – Павлодар облысы қаржы басқармасының  персоналды  басқару және  ұйымдастыру жұмысы бөлімінің басшысы.

Бөлімнің негізгі  функциялары: персоналды дамыту және басқару.


1.jpg

Әсем Даниялқызы Алдажарова — экономика нақты секторын мониторингілеу және қаржыландыру бөлімінің басшысы.

Әсем Даниялқызы Алдажарова 1979 жылғы 22 қарашада туған, қазақ, білімі  жоғары, 2005 жылы  С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін «қаржы және кредит» мамандығы бойынша аяқтады.

Еңбек жолын 2000 жылы «Павлодар облысы Шарбақты ауданының  қаржы бөлімі» ММ –нің бас маманы ретінде  бастады.

  • 2003 — 2005 жылдары «Павлодар облысы Шарбақты ауданының

қаржы  бөлімі» ММ бюджет қалыптастыру және атқару бөлімінің бастығы;

  • 2005 – 2010 жылдары – «Павлодар облысының қаржы департаменті»

ММ бюджеттің атқарылу үдерісін үйлестіру және талдау бөлімінің бас маманы;

  • 2010 жылдан бастап 2010 жылғы 9 тамызға дейін «Медициналық

қызметке ақы төлеу комитетінің департаменті» ММ тегін медициналық көмектің кепілдендірілген  көлеміне  ақы  төлеу бөлімінің бас маманы;

  • 2010 жылғы 10 тамыздан бастап 2017 жылғы 11 шілдеге дейін

«Павлодар облысының қаржы департаменті» ММ бюджеттің атқарылу үдерісін үйлестіру және талдау бөлімінің бас маманы;

  • 2017 жылғы 12 шілдеден бастап  осы  уақытқа   дейін «Павлодар

облысының қаржы басқармасы» ММ экономика нақты секторын мониторингілеу және қаржыландыру бөлімінің басшысы.

Бөлімнің негізгі функциялары: бағдарлама әкімшілерінің бөлінген бюджет

қаражатын игеруіне мониторинг жүргізу. Нақты секторды іске асыру  бойынша бюджеттің атқарылуы туралы есеп дайындау.

Тұрмыс құрған.

 

 


Абильтаева

Әбілтаева Айгүл Мұратқызы – мониторинг, бюджеттің атқарылу  үдерісін  үйлестіру  және  талдау  бөлімінің басшысы.

Абильтаева Айгуль Муратовна 1973 жылғы 23 тамызда  туған, қазақ, білімі  жоғары, 1995 жылы Павлодар мемлекеттік университетін экономика және      өнеркәсіпттегі басқару мамандығы бойынша аяқтады, біліктілігі инженер-экономист. Еңбек жолын 1995 жылы екінші санатты маман, Ақсу аудандық    қаржы  бөлімінің бас маманы ретінде бастады. 1997 жылдан бастап аға маман,   бюджеттік   бөлімі  бастығының  орынбасары, Ақсу  қалалық  қаржы  бөлімінің бөлім бастығы. 2006 жылғы сәуір айынан бастап  осы уақытқа  дейін  Павлодар облысы қаржы  басқармасы мониторинг,  бюджеттің атқарылу  үдерісін үйлестіру  және  талдау  бөлімінің бас маманы,  бөлім   басшысы.

Бөлімнің  негізгі функциялары: облыс бюджетінің  атқарылуына мониторинг жүргізу,  оның атқарылуы  туралы есеп  дайындау.

 

 

 


Абильтаева Жанна

Әбілтаева Жанна Мұратқызы – мониторинг және заңды тұлғаларды басқару бөлімінің басшысы.  Абильтаева Жанна Муратовна 1975 жылғы  31 желтоқсанда туған, қазақ,  білімі  жоғары. 1998 жылы Павлодар мемлекеттік университетін машина жасау  технологиясы мамандығы  бойынша аяқтады, 2007 жылы  Алматы  экономика және  статистика академиясын аяқтап, есеп және  аудит  бакалавры  біліктілігі  берілді. Еңбек  жолын 1998  жылы  Ақсу  қаласы әкімінің  құрылыс,  коммуналдық шаруашылық және өндірістік сала бөлімінің бас  маманы  ретінде бастады («Ақсу  қаласының коммуналдық  шаруашылық және  өндірістік сала басқармасы» ММ). 2005 жылдан бастап «Ақсу  қаласының  тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық,    жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық   секторының меңгерушісі. 2007 жылдан бастап   Павлодар облысы   кәсіпкерлік және  өнеркәсіп департаменті экономикалық талдау және    болжамдау   бөлімінің бас маманы. 2008 жылдан бастап Павлодар облысы қаржы  басқармасының  әлеуметтік сала  мен мемлекеттік органдарды  мониторингілеу және   қаржыландыру  бөлімінің басшысы.

Бөлімнің негізгі  функциялары: мемлекет иелігінен шығару, салық емес түсімдерді ұлғайту, заңды тұлғаларды басқару тиімділігін арттыру.

 

 


Безымянный1

Тұқтыбаева Әсел Қайдарқызы – бухгалтерлік есеп және бюджеттің атқарылуы бойынша есептілік бөлімінің басшысы.  

Туктыбаева Асель Кайдаровна 1981 жылғы 5 қарашада Павлодар қаласында  туған, қазақ, білімі  жоғары, 2003 жылы Алматы  экономика және  статистика  академиясын  бухгалтерлік есеп және аудит мамандығы бойынша аяқтаған.   Еңбек  қызметін 2002 жылы Павлодар қаласы  білім  беру  басқармасының ОБ   бухгалтері, жетекші бухгалтері ретінде  бастады.  2005 жылдан бастап  «Павлодар қаласының   білім  беру  және  спорт  басқармасы» ММ жетекші  бухгалтері.    2005 жылғы  наурыз айынан бастап «Павлодар қаласының білім  беру  басқармасы»   ММ ОБ  бас  бухгалтерінің орынбасары болып тағайындалды. 2007 жылдан бастап   «Павлодар қаласы әкімінің аппараты» ММ қаржылық есеп және есептілік бөлімінің басшысы – бас  бухгалтері. 2010 жылдан бастап  «Павлодар қаласы әкімінің аппараты» ММ әкімшілік-қаржылық бөлімінің бастығы – бас  бухгалтер. 2011 жылдан бастап  Павлодар облысы  қаржы  басқармасы бухгалтерлік есеп және  бюджеттің атқарылуы  бойынша есептілік  бөлімінің басшысы.Тұрмыста,  бір бала  тәрбиелеп отыр.

Бөлімнің негізгі  функциялары:  бастапқы  бухгалтерлік құжаттардың уақытылы және дұрыс ресімделуіне бақылау жасау, бюджеттік қаражаттар бойынша      кірістер мен шығыстардың бекітілген сметасына сәйкес нысаналы мақсатына   сәйкес қаражаттың  дұрыс және оңтайлы жұмсалуын қамтамасыз ету,  еңбек  төлеудің белгіленген шартатры мен тәртібін қолдануды қамтамасыз ету,      қолданыстағы   НҚА сәйкес  бухгалтерлік есепті ұйымдастыру.


20171115_120403 - копияЖанар Юсупқызы Шәріпова – мониторинг және мемлекеттік сатып алу есептілігі бөлімінің басшысы. Жанар Юсупқызы Шәріпова 1987 жылғы 8 қазанда Павлодар облысы Павлодар қаласында туды, қазақ, білімі жоғары, 2008 жылы Инновациялық Еуразия университетін мемлекеттік басқару бакалавры мамандығы  бойынша аяқтады, 2010 жылы Инновациялық Еуразия университетін заңгер бакалавры мамандығы  бойынша екінші жоғары білім алды.

 

Еңбек жолын 2009 жылы «Павлодар облысының қаржы басқармасы» ММ  мониторинг және мемлекеттік сатып алу есептілігі бөлімінің жетекші маманы ретінде  бастады.

— 2011 жылы «Павлодар қаласының балаларға арналған туберкулезге қарсы санаторийі» ММ мемлекеттік сатып алу бойынша маманы;

— 2015 жылдан 2016 жылға дейін «Павлодар қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ жиынтық жоспарлау, әдіснама және талдау секторының бас маманы;

— 2016 жылдан 2017 жылға дейін «Павлодар облысының қаржы басқармасы» ММ мониторинг және мемлекеттік сатып алу есептілігі бөлімінің бас маманы;

— 2018 жылғы 3 қаңтардан  бастап  «Павлодар облысының  қаржы  басқармасы»   ММ  мониторинг және мемлекеттік сатып алу есептілігі бөлімінің басшысы. Тұрмыста, қыз бала  тәрбиелеп отыр.

Бөлімнің негізгі функциялары: Павлодар облысының аумағында мемлекеттік сатып алу үдерісіне мониторинг жүргізу.


2

Бектұрғанов Саян Орынбекұлы – коммуналдық меншікті мониторингілеу бөлімінің басшысы.  

1975 жылғы 8 қазанда Павлодар облысы, Май ауданы, Ақшиман совхозында туған, қазақ, білімі жоғары, 1998 жылы Астана қаласындағы С. Сейфуллин атындағы Аграрлық университетті бухгалтерлік есеп және аудит мамандығы бойынша аяқтады, 2018 жылы Астана қаласындағы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық Ұлттық Университетіндегі жылу энергетигі мамандығы бойынша магистратураны аяқтады.

Еңбек  жолын 1992 жылы Май ауданы Киров атындағы совхозда өсімдік шаруашылығының есепшісі ретінде бастады.

1999 жылдан 2000 жылға дейін Ақсу нан заводында күзетуші, күзет бастығы, кассир болып жұмыс істеді.

2001 жылдан бастап Ақсу РУТ («Қазақтелеком» АҚ) 5-разрядты электр монтеры.

2003 жылдан бастап Павлодар облысы жер ресурстары басқармасының бас маманы, Ақсу қаласындағы өкілі.

2005 жылдан бастап Павлодар қаласы жер ресурстары басқармасының бас маманы.

2006 жылдан 2011 жылға дейін Павлодар қаласы жер қатынастары бөлімінің бас маманы, сектор меңгерушісі, басшының орынбасары, басшы.

2011 жылдан бастап Кенжекөл ауылдық округінің әкімі.

2014 жылдан бастап Павлодар қаласы жер қатынастары бөлімінің басшысы.

2015 жылдан бастап 2017 жылға дейін «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ қоршаған ортаны қорғау бөлімінің бастығы.

2017 жылдан бастап Ақсу қаласы жер қатынастары бөлімінің басшысы.

2018 жылғы маусым айынан бастап Павлодар облысы қаржы басқармасы  коммуналдық меншікті мониторингілеу бөлімінің басшысы.

Бөлімнің негізгі функциялары: мемлекеттік саясатты іске асыру, облыстық коммуналдық меншіктің сақталуы мен тиімді пайдаланылуын  бақылау.

Мемлекеттік қызмет өтілі 13 жылдан жоғары.