Стандарт

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің 2015 жылғы

      «27» сәуір    № 285    бұйрығына

                             3-қосымша

 

 

«Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және жеке тұлғалардың мүлік құқықтарын

Қазақстан Республикасының қабылдауы»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

 

 

1.Жалпы ережелер

 

  1. «Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және жеке тұлғалардың мүлік құқықтарын Қазақстан Республикасының қабылдауы» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
  2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
  3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті (бұдан әрі – Комитет), Комитеттің аумақтық бөлімшелері, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – ЖАО) (бұдан әрі –көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:

1) республикалық мүлікті қабылдау бөлігінде –Комитет, Комитеттің аумақтық бөлімшелері арқылы;

2) коммуналдық мүлікті қабылдау бөлігінде– коммуналдық мүлікті есепке алу саласында функцияны жүзеге асыратын тиісті ЖАО-лардың құрылымдық бөлімшелері арқылы жүзеге асырылады.

 

 

2.Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

 

  1. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

1) көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 3 (үш) ай;

мүліктің құны айлық есептік көрсеткіштің 30000 еселенген мөлшерінен асқан кезде – 5 (бес) ай;

болашақта сыйға тарту шартына қол қою үшін – 2 (екі) ай;

мүліктің құны айлық есептік көрсеткіштің 30000 еселенген мөлшерінен асқан кезде, болашақта сыйға тарту шартына қол қою үшін – 4 (төрт) ай;

болашақта мүліктің қабылдау-беру актісіне қол қою үшін – 2 (екі) ай;

2) кезекте күтудің рұқсатберілетін ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;

3) қызмет көрсетудіңрұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.

  1. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны –қағаз түрінде.
  2. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес сыйға тарту шарты және мүліктің қабылдау-беру актісі (табыстау актісі).
  3. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі.
  4. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі– жұма аралығында, көрсетілетін қызметті берушінің белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі асқа үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

Көрсетілетін қызметті берушінің өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметтерді көрсету нәтижиелерін беру кестесі –Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі – жұма аралығында, көрсетілетін қызметті берушінің белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі асқа үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін.

  1. Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

сыйға тарту шарты бойынша мүлік құқықтарын мемлекетке беру туралы ұсыныс;

құқық белгілейтін құжаттардың көшірмелері (жер пайдалану құқығы актісі (жалдау, меншік шарттарында), техникалық паспорт (жылжымайтын мүлік, автомашиналар), меншік құқығын тіркеу туралы деректер);

берілетін мүлікке құны туралы деректер (теңгерімнен үзінді немесе бағалау туралы есеп);

мемлекеттік емес заңды тұлғалар:

құзыретіне Жарғыға сәйкес мүлікті иеліктен шығару, оның ішінде оны мемлекеттік меншікке беру мәселелері жататын мемлекеттік емес заңды тұлға органының шешімі.

 

 

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, облыстық, маңызы бар аудандардың, қалалардың жергілікті атқарушы органдардың, қаладағы аудандардың аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдердің, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

 

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, тиісті жергілікті атқарушы органның (бұдан әрі — әкімдік) басшысының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына беріледі.

Шағым пошта арқылы жазбаша нысанда некөрсетілетін қызметті берушінің, әкімдіктің кеңсесі арқылы қолма қол беріледі.

Көрсетілетін қызметті берушінің, министрліктің, әкімдіктің кеңсесінде күні мен уақытын, шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орны көрсетіле отырып, шағымды тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) оның қабылданғанын растау болып табылады.

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің,министрліктің, әкімдіктің атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

  1. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

 

 

4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:

1) Министрліктің www.minfin.gov.kz интернет-ресурсында;

2) облыстардың, Астана және Алматы қалаларының тиістіжергілікті атқарушы органдарының интернет-ресурсында орналастырылған.

13.Көрсетілетін қызмет алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Министрліктің www.minfin.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

Standart kz


Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа