Қызмет көрсетуді қалай алуға болады?

Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және жеке тұлғалардың мүлік құқықтарын Қазақстан Республикасының қабылдауы

Мемлекеттік орган  «Павлодар облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі
Қызмет көрсетуді пайдаланушылар                  Жеке және заңды тұлғалар
Қызмет көрсетілетін орын (осы қызмет көрсетілетін қызмет көрсету орындарын таңдау) «Павлодар облысы әкімінің аппараты» ММ,

«Павлодар облысының қаржы басқармасы» ММ

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетудің нысаны Қағаз түрінде
Қызметті көрсетудің мерзімі Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетудің мерзімдері:

1) қызметті пайдаланушы қызмет берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен – 3 (үш) ай;

мүліктің құны айлық есептік көрсеткіштің 30000 еселік көлемінен артық болғанда – 5 (бес) ай;

болашақта мүлікті қабылдау-тапсыру актісіне қол қою үшін – 2 (екі) ай;

мүліктің құны айлық есептік көрсеткіштің 30000 еселік көлемінен артық болғанда, болашақта сыйға тарту шартына қол қою үшін – 4 (төрт) ай;

болашақта мүлікті қабылдау-тапсыру актісіне қол қою үшін – 2 (екі) ай;

2) кезекте күту уақытының жол берілетін ең жоғарғы шегі – 15 (он бес) минут;

3) қызмет көрсету уақытының жол берілетін ең жоғарғы шегі – 15 (он бес) минут.

«Электронды үкімет» порталында қызметті көрсету Қарастырылмаған
Мемлекеттік орган арқылы қызметті көрсету 1) сыйға тарту шартын жасасу рәсімінің (іс-қимылының) сипаттамасы:

облыс әкімдігінің кеңсесі құжаттарды қабылдауды және оларды тіркеуді жүзеге асырады, облыс әкімдігінің басшылығына танысу үшін құжаттарды жолдайды (20 минуттан аспай);

облыс әкімдігінің басшылығы құжаттармен танысады және орындау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдайды (2 күнтізбелік күн ішінде);

көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттарды қарайды және жауапты орындаушыны белгілейді (2 күнтізбелік күн ішінде);

көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы көрсетілетін қызметті алушының өтінішін алған күннен бастап  құжаттарды тексереді және сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттің мүлік құқықты ие болу қажеттігі (қажеттігінің жоқтығы) туралы қорытынды ұсынуы үшін мемлекетке сыйға тарту шарты бойынша мүлікке құқықты меншік иесінің ақысыз беруі ұсыныстың бары туралы жергілікті атқарушы орган жергілікті мемлекеттік басқарудың жекелеген функцияларын жүзеге асыруға уәкілеттілік берген жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарға және Павлодар облысының қалалары мен аудандарының жергілікті атқарушы органдарына (бұдан әрі – мемлекеттік органдар) хабардар етеді дар көрсетілетін (3 күнтізбелік күн ішінде);

мемлекеттік органдар тиісті ұсынысты алған күннен бастап сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттің мүлік құқығына ие болу қажеттігі (қажеттігінің жоқтығы) туралы қорытындыны дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жолдайды (20 күнтізбелік күн ішінде);

мемлекеттік органдар мүлікті мемлекеттік меншікке қабылдау қажетігі туралы қорытынды ұсынғаннан кейін көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы облыс әкімдігі шешімінің жобасын дайындайды және ұсынады (7 күнтізбелік күн ішінде);

облыс әкімдігі (2 күнтізбелік күн ішінде) шешім қабылдайды және облыс әкімінің шешімі қабылданғаннан кейін облыс әкімдігінің кеңсесі сыйға тарту шартын жасасу үшін шешімді көрсетілген қызметті берушіге және мемлекеттік органдарға жолдайды (2 күнтізбелік күн ішінде);

облыс әкімдігінің шешімін алғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушы мен мемлекеттік органдар арасында сыйға тарту шарты жасалады (20 күнтізбелік күннен аспай);

мүлікті мемлекеттік меншікке қабылдау кезінде мүлікті қабылдау-тапсыру актісі (тапсыру актісі) ресімделеді (10 күнтізбелік күн ішінде);

көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы қабылдау-тапсыру актісіне қол қойғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсету туралы жазбаша хабарлама жолдайды (3 күнтізбелік күн ішінде).

Мемлекеттік органдар мүлікті мемлекеттік меншікке қабылдау қажеттігінің жоқтығы туралы қорытындыны ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы меншік иесіне жазбаша түрде мүлікті мемлекеттік меншікке қабылдаудан бас тартуды жібереді (2 күнтізбелік күн ішінде).

2) болашақта шартқа қол қою рәсімінің (іс-қимылының) сипаттамасы:

облыс әкімдігінің кеңсесі құжаттарды қабылдауды және оларды тіркеуді жүзеге асырады, облыс әкімдігінің басшылығына танысу үшін құжаттарды жолдайды (20 минуттан аспай);

облыс әкімдігінің басшылығы құжаттармен танысады және орындау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдайды (2 күнтізбелік күн ішінде);

көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттарды қарайды және жауапты орындаушыны белгілейді (2 күнтізбелік күн ішінде);

көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы көрсетілетін қызмет алушының өтінішін алған күннен бастап  құжаттарды тексереді және болашақта сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттің мүлік құқықтары ие болу қажеттігі (қажеттігінің жоқтығы) туралы қорытынды ұсыну үшін мемлекетке сыйға тарту шарты бойынша мүлікке құқықтарды меншік иесінің ақысыз беруі уәдесі бойынша ұсыныстың бары туралы мемлекеттік органдарға хабардар етеді (3 күнтізбелік күн ішінде);

мемлекеттік органдар тиісті ұсынысты алған күннен бастап болашақта сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттің мүлік құқығына ие болу қажеттігі (қажеттігінің жоқтығы) туралы қорытындыны дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жолдайды (20 күнтізбелік күн ішінде);

мемлекеттік органдар мүлікті мемлекеттік меншікке қабылдау қажеттігі туралы қорытынды ұсынғаннан кейін көрсетілген қызметті берушінің жауапты орындаушысы облыс әкімдігі шешімінің жобасын дайындайды және ұсынады (7 күнтізбелік күн ішінде);

облыс әкімдігі (2 күнтізбелік күн ішінде) шешім қабылдайды және шешім қабылданғаннан кейін облыс әкімдігінің кеңсесі болашақта сыйға тарту шартын жасасу үшін  шешімді көрсетілетін қызметті берушіге және мемлекеттік органдарға жолдайды (2 күнтізбелік күн ішінде);

облыс әкімдігінің шешімін алғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушы мен мемлекеттік органдар арасында сыйға тарту шарты жасалады (20 күнтізбелік күннен аспай);

Мемлекеттік органдар мүлікті мемлекеттік меншікке қабылдау қажеттігінің жоқтығы туралы қорытындыны ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы меншік иесіне жазбаша түрде мүлікті мемлекеттік меншікке қабылдаудан бас тартуды жібереді (2 күнтізбелік күн ішінде).

3) болашақта қабылдау-тапсыру актісіне қол қою рәсімінің (іс-қимылдың) сипаттамасы:

болашақта сыйға тарту шартымен белгіленген мүлікке құқықтарды көрсетілген қызметті алушының мемлекетке іс жүзінде беру күніне дейін кем дегенде 30 (отыз) күнтізбелік күн қалғанда көрсетілген қызметті берушінің жауапты орындаушысы көрсетілген қызметті алушыдан мүліктің құны туралы және үшінші тұлғалардың мүлікке құқығының жоқ екендігі туралы мәліметтерді сұратады;

көрсетілген қызметті берушінің жауапты орындаушысы болашақта сыйға тарту шарты бойынша мүліктің құны туралы және үшінші тұлғалардың мүлікке құқығының жоқ екендігі туралы мәліметтерді алған күннен бастап  мемлекеттің осы мүлік құқығына ие болу қажеттігі туралы бұрын ұсынылған қорытындыны растауды ұсыну үшін мүлік туралы құжаттарды мемлекеттік органдарға жолдайды (5 күнтізбелік күн ішінде);

құжаттарды алған күннен бастап мемлекеттік органдар мемлекеттің мүлік құқықтарына ие болу қажеттігі туралы бұрын ұсынылған қорытындыны растауды болашақта сыйға тарту шарты бойынша көрсетілетін қызметті берушіге жолдайды (10 күнтізбелік  күн ішінде);

мүлікті мемлекеттік меншікке қабылдау қажеттілігі туралы бұрын ұсынылған қорытынды расталған кезде мүлікті қабылдау-тапсыру актісі (тапсыру актісі) ресімделеді (10 күнтізбелік күн ішінде);

көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы мүлікті қабылдау-тапсыру актісіне қол қойғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету туралы жазбаша хабарлама жолдайды (2 күнтізбелік күн ішінде).

Мемлекеттік органдар болашақта сыйға тарту шарты бойынша мүлікті мемлекеттік меншікке қабылдау қажеттігі туралы бұрын ұсынылған қорытындыны растамаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші сыйдан бас тартады және көрсетілетін қызметті берушініңжауапты орындаушысы бас тартуды жазбаша ресімдейді. Егер болашақта сыйға тарту шарты тіркелген болса, сыйды алудан бас тарту да мемлекеттік тіркелуге жатады (2 күнтізбелік күн ішінде).

ХҚКО арқылы қызметті көрсету  

Қарастырылмаған

 

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетудің нәтижесі Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 285 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және жеке тұлғалардың мүлік құқықтарын Қазақстан Республикасының қабылдауы» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының қосымшасына сәйкес сыйға тарту шарты және мүлікті коммуналдық меншікке қабылдау-тапсыру актісі (тапсыру актісі)

 

 

 

 


Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа