Ертіс

IMG_7604.e8e29a005ae6f678cf2324ae5600701d18116

Жария ету науқаны басталғаннан бастап Павлодар облысында 2014 жылғы 1 қыркүйектен 2016 жылғы 1 наурызға дейінгі кезеңде 4 млрд. 306 млн. теңге сомаға 2249 жылжымайтын мүлік объектісін жария етуге 1048 өтініш қабылданды.

Бұл туралы бүгін «Ертіс» баспасөз клубындағы брифингте облыс қаржы басқармасының басшысы Олжас Шарапиденов хабарлады.

  • Республикалық науқанның барысында 3 млрд. 614 млн. теңге сомаға 1898 объекті жария етілді. Облыста жария етілген тұрғын объектілердің орташа құны – 2,5 млн. теңгені, ал тұрғын емес объектілер бойынша 1,8 млн. теңгені құрайды. Бұл ретте салық салу базасына енгізілген жылжымайтын мүлік объектілерінің орташа құны қалалар бойынша – 1,7 млн. теңгені, ауылдар бойынша 390 мың теңгені құрайды, — деді О. Шарапиденов. Баяндамашының сөздеріне сүйенсек, мақұлданған өтініштердің саны 1898 объектіге 844-ті құрады, оның ішінде 1 млрд. 220,5 млн. теңге сомаға 542 тұрғын объекті, 2 млрд. 393,7 млн. теңге сомаға 1356 тұрғын емес объекті, соның ішінде 1 млрд. 546,5 млн. теңге сомаға 277 коммерциялық объекті. Қабылданған өтініштерден комиссиялар 186 өтінішті құжаттар топтамасының толық ұсынылмауы себебінен кері қайтарды. Жалпы сома 649,4 млн. теңгені құрайды. Олар бойынша объектілер саны 313-ті құрайды, оның ішінде 171,4 млн. теңге сомаға 96 тұрғын, 478,0 млн. теңге сомаға 217 тұрғын емес объекті,  соның ішінде 370,4 млн. теңге сомаға 80 коммерциялық объекті. 42,6 млн. теңге сомаға 38 объекті бойынша 18 өтініш жұмыста қаралуда. 1411 объекті әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өтті, оның ішінде: 446 тұрғын, 965 тұрғын емес объекті, соның ішінде 164 коммерциялық объекті. Жария етуден өткен мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуге 1260 өтініш түсті (Әділет департаментінің 2016 жылғы 1 наурыздағы мәліметтері бойынша). Сонымен бірге 11 өтініш бойынша тіркеуден бас тартылды. Жария ету науқаны басталғаннан бастап екінші деңгейлі банктерде 8 жинақ шоты ашылды, оларға 600,8 млн. теңге енгізілді. Павлодар облысында қалалар мен аудандар әкімдіктерінің жанынан мүлікті жария ету жөніндегі 13 комиссия құрылғанын және әрекет ететінін еске саламыз.

Безымянный4


Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа