Мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша семинар-кеңес өткізу туралы ақпарат

Ағымдағы жылғы 28 қыркүйекте қаржы басқармасы Павлодар облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментімен бірлесе отырып, Мемлекеттік сатып алу мәселелеріне қатысты ҚР заңнамасын түсіндіру бойынша кезекті семинар-кеңес өткізді.

Оған қалалар мен аудандар әкімдіктерінің мамандары, мемлекеттік сатып алу мәселелеріне жетекшілік ететін ведомстволық бағынысты ұйымдардың өкілдері,  сондай-ақ мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруға және жүргізуге жауапты тұлғалар шақырылған болатын. Барлығы семинарға 137 адам қатысты.

Семинар-кеңесте мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша ҚР заңнамалық актілеріне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпарат ұсынылды, сондай-ақ мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде тапсырыс берушілер жиі жол беретін бұзушылықтар атап өтілді, мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде туындайтын сұрақтар талқыланды.

20170928_110919-min20170928_110903-min


Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа