«Есептеу әдісі бойынша ҚЕХС сәйкес бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік»

Бухгалтерлік есеп және бюджеттің атқарылуы бойынша есептілік  бөлімі 2017 жылғы қазан айында «Есептеу әдісі бойынша ҚЕХС сәйкес бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік» тақырыбына Павлодар облысының мемлекеттік мекемелеріндегі бухгалтерлердің біліктілігін  арттыру бойынша семинар ұйымдастырды. Семинарға бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бас бухгалтерлері, аудандық қаржы, ТҮ КШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, білім беру, ветеринария бөлімдерінің, мектептер, интернаттар, ауылдық округтердің қатардағы бухгалтерлер қатысты.

«Зерде» оқу орталығының дәріскері Гүлнәр Қайыркенқызы Галямова  —  сертификатталған кәсіби бухгалтер, DipIFR ACCA дипломының, САР халықаралық біліктілігі сертификатының иегері, салықтық және бухгалтерлік   есеп саласындағы сарапшы.  Практик – теоретик. «ҚЕХС сәйкес бухгалтерлік есеп», «ШОБ арналған ҚЕХС», «Жергілікті өзін-өзі басқару жұмысындағы (кент, ауыл, ауылдық округ)  негізгі  бағыттар» оқу құралдарының авторы.

P71003-161038


Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа