2017 жылғы 15 желтоқсанда қаржы басқармасында мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекет қатысуымен заңды тұлғаларды басқару тиімділігіне кешенді мониторинг жүргізу нәтижесі туралы есептердің тұсаукесері (қорғауы) өтті

2017 жылғы 15 желтоқсанда қаржы басқармасында мемлекеттік  кәсіпорындар мен мемлекет қатысуымен заңды тұлғаларды басқару  тиімділігіне кешенді мониторинг жүргізу нәтижесі туралы есептердің тұсаукесері (қорғауы) өтті.

Мониторингті, сондай-ақ ұйымның 3 жылғы қаржы-шаруашылық қызметіне талдауды «ФениксКоммерц» ЖШС (Өскемен қаласы) тәуелсіз сарапшысы өткізді, мемлекеттік басқару органдары мен ұйымдарына ұсынымдар дайындалды.

Мониторинг объектісі  ретінде 2017 жылы  4 ұйым анықталды:

1) Павлодар облысы денсаулық сақтау  басқармасының КГП «Павлодар облыстық онкологиялық диспансері» КМК,

2) Павлодар облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Шафер мұражай-үйі» КМҚК,

3) «Павлодар» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы,

4) «Павлодар» арнайы экономикалық аймағының басқарушы компаниясы» акционерлік қоғамы.

Тұсаукесерге зерттелетін ұйымдар мен мониторинг объектісі ұйымдары мемлекеттік органдарының өкілдері қатысты.


Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа