2018 жылғы 1.01

Облыс коммуналдық меншігінің

 заңды тұлғалары туралы ақпарат

2018 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша облыстағы Мемлекеттік мүлік тізілімінде облыс коммуналдық меншігінің 1394 заңды тұлғасы есепте тұр, оның ішінде 885 мемлекеттік мекеме және 509 квазимемлекеттік сектор субъектісі (412 коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын, 66 шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын, 2 акционерлік қоғам, жарғылық капиталында мемлекеттің қатысуы бар 29 жауапкершілігі шектеулі серіктестік).

Оның ішінде облыстық меншікте 205 заңды тұлғаның (99 ММ, 61 КМҚК, 35 КМК, 2 АҚ  және 8 ЖШС), қалалар мен аудандардың меншігінде – 1189 заңды тұлға (786 ММ, 351 КМҚК, 31 КМК және 21 ЖШС).

Облыс коммуналдық меншігінің 1394 ұйымы қызмет салалары бойынша  келесідей бөлінеді:

мемлекеттік басқару және қорғаныс, міндетті әлеуметтік қамтамасыз ету – 379 (27,2%);

білім беру – 647 (46,4%);

денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер – 81 (5,8%);

өнер, ойын-сауық және демалыс – 205 (14,7%);

ақпарат және байланыс – 16 (1,1%)

тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы – 15 (1,1%);

өзге салалар – 51 (3,7%).

Тұтастай алғанда, облыс бойынша 2018 жылғы 1 қаңтардағы коммуналдық меншік заңды тұлғаларының саны 6 (0,4%) азайды.

Бұл ретте 2017 жылдан бастап:

28 ұйым тіркелді;

27 ұйым таратылды;

қосу арқылы 5 ұйым қайта ұйымдастырылды;

қайта құру жолымен КММ-ге 17 КМҚК қайта ұйымдастырылды;

қазыналық кәсіпорнынан шаруашылық жүргізу құқығындағы кәсіпорынға 2 КМҚК түрін өзгертті;

мемлекеттік мекемеден қазыналық кәсіпорынға1 ММ түрін өзгертті;

6 ұйым иеліктен шығарылды.


Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа