2018 жылғы 1.04

Облыс коммуналдық меншігінің

заңды тұлғалары бойынша ақпарат

 

2018 жылғы 01 сәуірдегі жағдай бойынша облыстағы Мемлекеттік мүлік тізілімінде облыс коммуналдық меншігінің 1388 заңды тұлғасы есепте тұр, оның ішінде 882 мемлекеттік мекеме және 506 квазимемлекеттік сектор субъектісі (413 коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын, 63 шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын, 2 акционерлік қоғам, жарғылық капиталында мемлекеттің қатысуы бар 28 жауапкершілігі шектеулі серіктестік).

Оның ішінде облыстық меншікте 204 заңды тұлғаның (98 ММ, 61 КМҚК, 35 КМК, 2 АҚ  және 8 ЖШС), қалалар мен аудандардың меншігінде – 1184 заңды тұлға (784 ММ, 352 КМҚК, 28 КМК және 20 ЖШС).

Облыс коммуналдық меншігінің 1388 ұйымы қызмет салалары бойынша  келесідей бөлінеді:

мемлекеттік басқару және қорғаныс, міндетті әлеуметтік қамтамасыз ету – 378 (27,2%);

білім беру – 646 (46,5%);

денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер – 81 (5,8%);

өнер, ойын-сауық және демалыс – 204 (14,7%);

ақпарат және байланыс – 16 (1,2%);

тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы – 13 (1,0%);

өзге салалар – 50 (3,6%).

Жалпы облыс бойынша 2018 жылғы 1 тоқсандағы коммуналдық меншік заңды тұлғаларының саны 6 (0,4%) азайды.

Бұл ретте 2018 жылдан бастап:

2 ұйым тіркелді:

  1. «Май ауданының дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімі» ММ;
  2. Баянауыл ауданы әкімдігі Баянауыл ауданы Майқайың кенті әкімі аппаратының «Нұрбөбек» бөбектер бақшасы» МКҚК;

7 ұйым таратылды:

  1. «Павлодар қаласының «Стикс» бейіндік бағыттағы мектебі» ММ;
  2. «Ақсу қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Ауыл су-сервис» КМК;
  3. «Екібастұз қаласының Бесқауға ауылы әкімінің аппараты» ММ;
  4. «Железин ауданы әкімдігі Железин ауданы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің «Железин жол-пайдалану учаскесі» МКК;
  5. «Шарбақты ауданы Сынтас ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ;
  6. Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы дене тәрбиесі және спорт басқармасының «Астана» мұз сарайы» КМКҚ;
  7. Қазақстан Республикасы Павлодар облысы «Ақтоғай ауданының

Абай бастауыш мектебі» КММ;

қайта құру жолымен КММ-ге 1 КМҚК қайта ұйымдастырылды:

  1. «Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы білім беру басқармасының

«Ертіс Дарыны» қосымша  білім берудің аймақтық оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК;

кәсіпорыннан қазыналық кәсіпорнынан шаруашылық жүргізу құқығындағы кәсіпорынға түрін өзгертті:

  1. «Ақтоғай ауданы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің тарихи-

өлкетану мұражайы» МКК;

1 ММ мемлекеттік мекемеден қазыналық кәсіпорынға түрін өзгертті:

  1. «Павлодар облысының балалар туберкулезге қарсы санаторийі» ММ;

Жекешелендіру жолымен 1 ұйым иеліктен шығарылды:

  1. «Ақсу-Коммунсервис» ЖШС.