2018 жылғы

Мемлекет Басшысының 2018 жылғы 10 қаңтардағы

«Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың

жаңа мүмкіндіктері» Қазақстан халқына Жолдауын

іске асыру шеңберінде ведомстволық бағыныстағы

ұйымдарды оңтайландыру бойынша ақпарат

 

Мемлекет Басшысы 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауында  мемлекеттік органдардың ведомстволық бағыныстағы  ұйымдарының санын қысқарту, сондай-ақ әкімшілік шығыстарды төмендету үшін ұйымдарды  шоғырландыру бойынша мақсат қойылды (ҚР Президентінің 2018 жылғы 9 ақпандағы № 633 жарлығымен бекітілген Іс-шаралардың жалпыұлттық жоспарының 80, 82-тармақтары).

Осыған байланысты қазіргі уақытта объектілерді бәсекелес ортаға беру, тарату, коммуналдық меншік  ұйымдарын шоғырландыру бойынша ұсыныстар әзірлеу мақсатында коммуналдық меншік ұйымдарын түгендеу жұмысы  жүргізілуде.

Қаржы  басқармасында  2018 жылғы ақпан айында   облыстық   мемлекеттік органдар,  қалалар мен аудандар әкімдіктері  өз иелігіндегі  ұйымдарға  қатысты  тыңдалды (1023).

Бұл ретте 16 ұйымды оңтайландыру бойынша ұсыныстар әзірленді,  соның ішінде   білім беру  басқармасының 3 ұйымы,  денсаулық сақтау  басқармасының  8 ұйымы, Железин ауданы әкімдігінің 2 ұйымы, Ертіс ауданы әкімдігінің 2 ұйымы, Май ауданы әкімдігінің 1 ұйымы.

2018 жылғы 28 наурызда Мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік  сектор  субъектілерінің қызметін оңтайландыру немесе бәсекелес ортаға беру бойынша функционалдық талдау жүргізу жөніндегі республикалық жұмыс тобының отырысы өтіп, Павлодар облысының ұсыныстары қарастырылды.

Сонымен қатар отырыс қорытындысы бойынша облыс қалалары мен аудандары әкімдіктерінің 26 ведомстволық бағыныстағы ұйымдарын шоғырландыру ұсыныстары әзірленді, атап айтқанда 12 жастар ресурстық орталығы,  2 діни мәселелер орталығы және 12 ветеринарлық станция.

Барлығы облыс бойынша 42 ұйымға қатысты оңтайландыру  туралы  қосымша ұсыныстар әзірленіп, мемлекеттік органдардың ведомстволық бағыныстағы   ұйымдарының 4,1%  құрап отыр (1023).

Мемлекеттік органдардың ведомстволық бағыныстағы ұйымдарын түгендеу нәтижесі 2018 жылғы 13 сәуірде облыс әкімінің орынбасары Ә.А. Арынованың  қатысуымен өткен мәжілісте  қарастырылды.

Қорытындысына сәйкес облыстық білім беру, денсаулық сақтау  басқармаларына,  Павлодар қаласының әкімдігіне ведомстволық бағыныстағы  ұйымдарды оңтайландыру (тарату,  қайта  ұйымдастыру,  бәсекелес  ортаға  беру), сенімгерлік басқаруға, соның ішінде МЖӘ шеңберінде беру бойынша  қосымша  ұсыныстар енгізу тапсырылды.

Ұсыныстарды қалыптастыру жұмысы жалғасуда және қаржы  басқармасының  тұрақты бақылауында.

ҚР Президентінің 2018 жылғы  9 ақпандағы № 633 жарлығымен бекітілген Іс-шаралардың жалпыұлттық жоспарының 82-тармағына сәйкес тексеруді аяқтау мен шоғырландыруға жататын ведомстволық бағыныстағы ұйымдар тізбесін белгілеу 2018 жылғы тамыз айына көзделіп отыр.