Облыс қаржы басқармасы а.ж. 20 ақпанда қазынашылық департаментімен және ішкі мемлекеттік аудит департаментімен бірлесіп мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнаманы түсіндіру жөнінде кезекті семинар-мәжіліс ұйымдастырды
Облыс қаржы басқармасы а.ж. 20 ақпанда қазынашылық департаментімен және ішкі мемлекеттік аудит департаментімен бірлесіп мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнаманы түсіндіру жөнінде кезекті семинар-мәжіліс ұйымдастырды.
Семинар-мәжіліс жұмысында мемлекеттік сатып алу мәселесіне жетекшілік ететін аудандар әкімдіктері мамандары, ведомстволық бағынысты ұйымдар өкілдері, бухгалтерлер, сондай-ақ мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және жүргізуге жауапты тұлғалар қатысты. Семинарда барлығы 70 тыңдаушы қатысты.
Сұрақ-жауап диалогында мемлекеттік сатып алу саласында туындайтын бірнеше қатар мәселелер талқыланды, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидасына 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап өз күшіне енген соңғы жаңа енгізілім туралы ақпарат ұсынылды. Мысалға, Қағидаға енгізілген оң түзетулердің бірі:
— құрылыс саласындағы жұмыстарды мемлекеттік сатып алуға қатысушыларға қойылатын талаптардың оңайлатылуы. Енді құрылыс-монтаждау жұмыстарына және жобалауға арналған тиісті лицензияға ие, құрылыс саласындағы жұмыстарды сатып алуға қатысушылардың материалдық және еңбек ресурстарын иеленетіндігін растайтын құжаттарды ұсынбауына болады;
— конкурстық баға ұсынысы конкурсқа бөлінген бағадан қырық пайыздан астамға төмен болған жағдайларда құрылыспен байланысы жоқ жұмыстар бойынша демпингтік бағаның орнатылуы;
— жұмыс тәжірибесі бойынша критерийлерді орнатуға арналған шектік мәндердің төмендетілуі болып табылады.
Осы тәріздес жұмыс диологтық алаңдарды жүргізу жақсы дәстүрге айналды. Көптеген мамандар-сатып алушылардың санауынша осы тәріздес іс-шараларды өткізу пайдалы және тиімді. Бұл жерде әр қатысушы жаңа ақпарат алып қана қоймайды, сондай-ақ тәжірибемен алмасады, сұрақ қояды, талқылауға қатысу мүмкіндігін алады.