2018 жылғы 14 сәуірде облыс қаржы басқармасының 40 қызметкері Баймолдин көшесіндегі кезекті сенбілікке қатысты

WhatsApp Image 2018-04-16 at 09.59.10

2018 жылғы 14 сәуірде облыс қаржы басқармасының 40 қызметкері  Баймолдин көшесіндегі кезекті сенбілікке қатысты.

Сонымен қатар қаржы басқармасының қызметкерлері Павлодар қаласы ІІБ жергілікті полиция қызметімен бірлесіп, бекітілген аумақта орналасқан жеке кәсіпкерлік субъектілерімен, жеке тұрғын үй секторының тұрғындарымен аумақты тазалау және күл–қоқыс шығару қажеттілігі жөнінде алдын ала түсіндірме жұмысын жүргізіп, сенбілік өткізу күні жөнінде жазбаша  хабарлама таратты.

Бұған қоса аталған жұмыс тазалық айлығы шеңберінде ағымдағы  жылғы сәуір және мамыр айларында жалғасын табады.

Баймолдин көшесінің тұрғындарын 2018 жылғы 21 сәуірде өтетін жалпы облыстық сенбілікке белсенді қатысуға шақырамыз.