«Павлодар облысының қаржы басқармасы» ММ-де 2018 жылғы 28 сәуірде Қазақстан Республикасы Халқының Бірлігі күніне арналған салтанатты жиналыс өтті

7ec45c2d-8e5a-48d0-8570-7485b8cd7057

«Павлодар облысының қаржы басқармасы» ММ-де 2018 жылғы 28 сәуірде Қазақстан Республикасы Халқының Бірлігі күніне арналған салтанатты жиналыс өтті. Облыс қаржы басқармасының басшысы Дүйсенбинов Нұрлан Шайқслямұлы мерекелік көңіл-күй, денсаулық, табыс, ағайын-туғандарға құт-береке, сондай-ақ біздің ортақ үйіміз Қазақстан Республикасының гүлдене беруін тілеп, құттықтау сөз сөйледі.

Сондай-ақ әкімшілік мемлекеттік лауазымына алғаш қабылданған Мұқтаров Тимур Айтжанұлы арнайы тексерістен және сынақ мерзімінен сәтті өтіп, мереке қарсаңында салтанатты түрде ант берді.

Жас мемлекеттік қызметшіге тәлімгері- мониторинг, бюджеттің атқарылу үдерісін үйлестіру және талдау бөлімінің бас маманы Темірбаева Әлия Қайырбекқызы құттықтау тілек сөзін білдіріп, сөз сөйледі.

8f8f3060-b741-4aa9-af18-4678b4dbeaa5


Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа