Баспасөз хабарламасы

IMG_20180608_101556

Кезекті семинар-мәжіліс а.ж. 8 маусымда Қаржы басқармасымен, Білім басқармасымен, Ішкі мемлекеттік аудит департаментімен және Тексеру комиссиясымен бірлесіп ұйымдастырылды. Семинар-мәжіліс жұмысында мемлекеттік сатып алу, бухгалтер мәселелеріне жетекшілік ететін ведомстволық бағынысты ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және жүргізуге жауапты тұлғалар қатысты. Семинарда барлығы 90-нан аса қатысушылар қатысты.

Сұрақ-жауап диалог форматында мемлекеттік сатып алу жүргізу кезінде туындайтын бірнеше қатар проблемалық сұрақтар талқыланды, 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап өз күшіне енгізілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидасына соңғы жаңа енгізілімдер туралы ақпарат ұсынылды. Мысалға Қағидаға енгізілген оң түзетулер:

— құрылыс саласындағы жұмысты мемлекеттік сатып алу жұмысының қатысушыларына қойылатын талаптарды оңайлату. Енді құрылыс-монтаждау жұмыстарына және жобалауға тиісті лицензиясы бар құрылыс саласындағы жұмысты сатып алу қатысушылары материалдық және еңбек ресурстарын иеленуді растайтын құжаттарды ұсынбауларына болады.

— егер де конкурстық баға ұсыныстары конкурсқа бөлінген бағадан қырық проценттен аса төмен болған жағдайда құрылыспен байланысты емес жұмыстар бойынша демпингтік бағаны белгілеу;

— жұмыс тәжірибесі бойынша критерий белгілеу үшін шекті мәнді төмендету болып табылады.

— мемлекеттік сатып алулардың проблемалық мәселелерінің бір бөлігі Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сатып алу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасына енгізілген түзетулер арқылы шешілетініне сенеміз, ішінара:

— бірыңғай ұйымдастырушылар арқылы мемлекеттік сатып алуды орталықтандыру, Орталықтандырылған сатып алу қызметінің принципі бойынша мемлекеттік сатып алудың бірыңғай жүйесін енгізу;

— тапсырыс берушілердің мемлекеттік сатып алу жылдық жоспарына айына екі реттен артық емес өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізу құқығы;

— бірыңғай тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер сатып алу

бойынша сатып алудың шекті мәнін айлық есептік көрсеткіштің бес жүз еселенген мөлшеріне дейін, ал аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттары үшін республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің үш мың еселенген мөлшерге дейін ұлғайту;

— біртекті тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің жеткізілу (орындау, көмек көрсету) орнынан тәуелсіз бір лотқа біріктіру жолымен уәкілетті орган белгілейтін тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер тізбесін құру;

Бүгінгі күні Заң жобасы ҚР Парламенті Мәжілісінің қарастыруында жатыр.

Осы тәріздес жұмысшалырдың диологтық алаңдарын жүргізу жақсы дәстүрге айналып отыр. Көптеген мамандар-сатып алушылардың санауынша осы тәріздес іс-шараларды өткізу пайдалы және тиімді. Бұл жерде әр қатысушы жаңа ақпарат алып қана қоймайды, сондай-ақ тәжірибемен алмасады, сұрақ қояды, талқылауға қатысу мүмкіндігін алады.

IMG_20180608_101936


Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа