«Мектепке жол – 2018»

01

Жаңа оқу жылы қарсаңында «Мектепке жол» дәстүрлі  жалпыреспубликалық қайырымдылық шарасы басталды.

Іс-шараның мақсаты – оқу жылына дайындық барысында  аз қамтамасыз етілген, көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға материалдық көмек көрсету және балалардың әлеуметтік себептермен сабақты босатуына жол бермеу.

Павлодар облысы қаржы басқармасының ұжымы Павлодар қаласының № 7 және № 22 орта жалпы білім беру мектептерінің екі  оқушысын мектепке дайындау үшін  көмек көрсету мақсатында азаматтық белсенділік танытты.

Көрсетілген материалдық көмектің жалпы сомасы 40 000 теңгені құрап отыр.

02