Аймақтар үшін жергілікті қамту бойынша нысаналы индикаторларды есептеу, бекіту және мониторингілеу реті

IMG_2073

IMG_2073

2018 жылы 11 қазаңда облыс қаржы басқармасымен  аймақ үшін жергілікті қамтудың нысаналы индикаторларды мониторингілеу, белгілеу және есептеу  жөнінде семинар-мәжіліс өткізілді.

Семинар-мәжіліске мемлекеттік сатып алудағы мәселелер бойынша жетекшілік ететін қала мен аудандар, облыс әкімшіліктер мен білім басқармасының бағынысты ұйымдарының 95 маманы қатысты.

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 20 сәуірдегі № 260 бұйрығымен бекітілген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілген қызметтерді сатып алу кезінде жергілікті қамтуды есептеу бойынша Бірыңғай әдістеме әрекет етіп отыр.

Сонымен қатар, 2018 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасарымен бекітілген жол картасының                 1.1 тармағына сәйкес аймақтар үшін жергілікті қамтудың болжам үлесін  анықтау үшін жергілікті қамтудың нысаналы индикаторларды мониторингілеу, белгілеу және есептеу тәртібі әзірленген.

   Жергілікті қамту бойынша талдау ЖАО-мен және ЖАО Аймақтық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп құрылған жергілікті қамтуды мониторингілейтін аймақтық комиссия (бұдан әрі –Комиссия) жүзеге асырады.

Жергілікті қамтудың болжам көрсеткіштері тауарлар мен инфрақұрылымдық даму бағдарламалар бойынша (құрылыс, объектілерді қайта құру)  сатып алуларда анықталады.

Жергілікті қамтудың ақпаратын талдау бойынша жергілікті атқарушы органдар мен Комиссия бірлесіп инфрақұрылымдық даму жобалары ішінде және тауарларды мемлекеттік сатып алуда нысаналы индикаторлардың көлемдері бойынша ұсыныстар әзірленеді.

2019 жылға жоспарланған мемлекеттік сатып алулар бойынша жергілікті қамтудың болжам үлесін аймақ үшін анықтауға жергілікті қамтудың нысаналы индикаторларды мониторингілеу, белгілеу және есептеу ретін түсіндіру бойынша семинар-мәжіліс қатысушыларымен сұрақ-жауап түрінде диалог  өткізілді


IMG_2080


Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа