2ef656c3-1bf9-423b-b263-e060673bc68d

2018 жылғы 23 қазанда облыс қаржы басқармасында басқарма қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы насихаттау, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы заңнаманы түсіндіру  жөнінде техникалық оқу өткізілді.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы насихаттау жемқорлыққа қарсы күрес құралы» ақпаратпен, жемқорлыққа қарсы іс-қимыл слайдтарын көрсете отырып, персоналды басқару және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің басшысы А.Б. Капбасов сөз сөйледі.

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы заңнаманы түсіндіру бойынша құқықтық және талдамалық жұмыс бөлімінің басшысы Р.О. Қияқбаев сөз сөйледі. Сұрақ-жауап диалог форматында мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру, шарт міндеттемелерін атқару, МЖӘ объектілерін қабылдау және т.б. кезінде туындайтын бірнеше қатар проблемалық мәселелер талқыланды.

Өткізілген техникалық оқу шеңберінде облыстық диагностикалық орталықтың орынбасары Т.Б. Сексембаев шақырылып, басқарма мамандарына әкімшілік мемлекеттік қызметшілер мен олардың отбасы мүшелері үшін орталық қандай жұмыс түрлерін атқаратыны туралы ақпарат берді. Басқарма қызметкерлері шақырылған қонақтың халық үшін көрсететін медициналық қызметтері туралы мейлінше толық берген жауабына алғыстарын білдірді.

4635aa97-5d46-4cad-9521-2c1a71aa4eae7fba89c5-2956-4ec2-ae7f-4dcc4475f35a480c67cb-2fb6-49b5-8736-ef44aa6cc408


Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа