2018 жылғы 26 желтоқсанда «Павлодар облысының қаржы басқармасы» ММ қызметкерлерінің балаларына арналған Жаңа жылдық шырша мерекесі өтті

Жаңа жылдық мерекеге 1 жастан 14 жасқа дейін жалпы саны 34 бала қатысты. Балалар үшін белгілі ертегі кейіпкерлерімен (Фиксик, Кукла ЛОЛ және т.б) ашық, әсерлі және қозғалмалы, көп сырлы қойылымдар қойылды.

Жаңа жылдық шыршаның соңында балалар мерекелік дастарханнан дәм татты. Әр балаға басқарманың кәсіподақ комитетінен сыйлықтар және тәтті тағамдар ұсынылды.

Сондай-ақ, «Павлодар «Ана мен Бала» мүгедек-әйелдер құқығын қорғау қоғамы» ҚБ балаларына жаңа жылдық сыйлықтар таратылды.