2019 жылғы

Мемлекет басшысының 2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру шеңберінде облыс басқармалары және қалалар мен аудандар әкімдіктері 175 заңды тұлғаны қысқартумен 224 ұйымды оңтайландыру бойынша ұсыныс әзірледі, оның ішінде, қосу жолымен қайта ұйымдастыру – 152, тарату – 21, сенімді басқаруға беру — 1, жекешелендіру – 1.

Тізбеге 6 денсаулық сақтау объектісі, 59 білім беру объектісі кірді (колледждер, баспана, балалар үйі, балалар бақшасы, қосымша білім беру ұйымдары), 94 – мәдениет (ауылдық мәдениет үйі, мәдениет-бос уақыт өткізу орталығы, мұражай), 7 – спорт, 5 – әлеуметтік қорғау (қарттар үйі, үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі, белгілі тұрғылықты орны жоқ тұлғаларға арналған баспана), 1 – БАҚ, 1 – дін, 2 – тағы басқалары («Инвестицияларды тарту агенттігі» ЖШС және «ӘПК «Павлодар» АҚ-ның «Адис» ЖШС еншілес ұйымы).

2019 жылғы 15 қаңтардағы жағдай бойынша 4 ұйым таратылды, 19 қайта ұйымдастырылды, 137 әкімдіктердің тарату, қайта ұйымдастыру туралы қаулысы қабылданды.