Қаржы басқармасы ағымдағы жылғы қаңтардың 16-нан 23-не дейін Ішкі мемлекеттік аудит департаментімен және Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Павлодар облысы бойынша департаментімен бірлесіп, қалалар мен аудандар әкімдері үшін мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнамаға енгізілген өзгерістер бойынша жергілікті жерге бара отырып, семинар-мәжілістер өткізді

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Семинарлар аудандар әкімдіктерінің мамандары, мемлекеттік сатып алу мәселелеріне жетекшілік ететін ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың өкілдеріне, бухгалтерлер, сондай-ақ Екібастұз, Ақсу қалаларының, Ақтоғай, Аққулы,  Баянауыл, Железин, Ертіс, Май,  Павлодар, Тереңкөл, Успен, Шарбақты аудандарының мемлекеттік сатып алуды   ұйымдастыру мен өткізу үшін жауапты тұлғаларына арнап өткізілді. Семинарларға 500 аса тыңдаушы қатысты.

Семинарларда сұрақ-жауап диалогы форматында 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енген мемлекеттік сатып алу саласындағы  заңнаманың соңғы  өзгерістері, сонымен қатар мемлекеттік сатып алу барысында туындайтын бір қатар проблемалық мәселелер талқыланды.

2018 жылғы 27 желтоқсанда Мемлекет Басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сатып алуы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Қазақстан Республикасы Қаржы  министрінің  2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 1130 бұйрығымен  Мемлекеттік сатып алуды іске асыру қағидасына өзгерістер енгізілді. Сонымен қатар мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушылары іске асыратын   мемлекеттік сатып алулардың тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер тізбесі  бекітілді.

Негізгі түзетулердің  бірі:

  • Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын орналастырмау немесе уақытылы

емес орналастыру, сондай-ақ барлық шығыстар бойынша жылдық жоспарды толық емес   көлемде орналастыру үшін 15 АЕК көлемінде айыппұл санкцияларын енгізу;

  • тапсырыс берушілерге жылдық сатып алу жоспарына айына екі ретке дейін

өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу құқығын қарастыру;

  • тікелей жасасу жолымен бір көзден сатып алудың шекті сомасын ұлғайту: бір

жолғы тауарлар үшін 100 АЕК дейін болып қалады;  біржолғы  көрсетілетін қызметтер мен жұмыстар үшін  500 АЕК;  ауылдық әкімдіктер  үшін  бұл шек 3 000 АЕК дейін  ұлғайтылды (аталған норма 2021 жылға  дейін жарамды);

  • арттырылуына жол бермейтін демпингтік  бағалардың  шекті деңгейін орнату:

жұмыстар бойынша демпинг – 10% жоғары, ТЭН әзірлеу — 15% жоғары, инжинирингтік қызметтер — 15% жоғары. Көрсетілетін қызметтерді  сатып алу  бойынша демпинге қарсы  шаралар сақталады;

  • жеткізілімі (орындалуы, көрсетілуі) рұқсатнама алуды немесе хабарлама

жолдауды талап ететін тауарлар,  жұмыстар, көрсетілетін қызметтердің баға ұсыныстары сұранысы тәсілімен мемлекеттік сатып алуды іске асыру  құқығы;

  • өтпеген конкурстар бойынша қайтадан сатып алу өткізу үшін тапсырыс

берушілердің міндеттерін айқындау болып табылады.

Жалпы Заңмен жеткізушілердің жауапкершілік деңгейін арттыруға, мемлекеттік

сатып алудың төмен білікті және жосықсыз қатысушылар санын, сонымен қатар тапсырыс берушілердің мемлекеттік сатып алу заңнамасын бұзуды азайтуға бағытталған шаралар қарастырылған.

Осындай жұмыс барысындағы диалогтық алаңдар өткізу жақсы дәстүрге  айналып

отыр. Көптеген сатып алушы-мамандардың пікірін қарасақ, осындай іс-шаралар пайдалы әрі тиімді. Бұл жерде әрбір қатысушы жаңа ақпарат алу мүмкіндігіне ие бола отырып, тәжірибемен алмасады, сұрақтар қойып, талқылауға қатыса алады.