www.qosreestr.kz

Павлодар облысының қаржы басқармасы мемлекеттік меншікті  басқару  саласындағы  қолданыстағы заңнама  шеңберінде айқындылық пен жариялылықты қолдана отырып, коммуналдық меншік объектілерін   мүліктік жалдауға (жалға алуға), сенімгерлік басқаруға беру, жекешелендіру туралы барлық хабарландыруларды «www.qosreestr.kz» ресми сайтына,  басқарма сайтына, сондай-ақ «Деловая заметка» апта сайынғы газетіне  жариялайды.

Осылайша жалдауға, сенімгерлік басқаруға берілетін коммуналдық меншік объектілері туралы ақпарат күн сайын жаңартылып отырады.  Объектілерді жекешелендіруге қатысты 2019 жылы бәсекелес ортаға (жекешелендіруге) облыстық коммуналдық меншіктің 4 объектісін беру, сонымен қатар электрондық сауда-саттық арқылы  шамамен жиырма бірлік  автокөлік құралдарын сату жоспарланып отыр.