Павлодар облысы әкімдігінің «Тапсырыс берушілер үшін Павлодар облысы бойынша бірыңғай мемлекеттік сатып алу ұйымдастырушысын анықтау туралы» қаулы жобасына баспасөз-релизі

«Павлодар облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» ММ Павлодар облысы әкімдігінің «Тапсырыс берушілер үшін Павлодар облысы бойынша бірыңғай мемлекеттік сатып алу ұйымдастырушысын анықтау туралы» қаулы жобасын (бұданәрі — Жоба) дайындады.

Жоба Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабы 1-тармағының 1-13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 8-бабы 3-тармағына, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы «Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін айқындау туралы» № 1127 бұйрығына сәйкес әзірленді.

Жобаны қабылдаудың теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдары жоқ.

Жоба 2019 жылғы 30 мамырда «Ашық НҚА» порталында орналастырылған, сонымен қатар облыстың Қоғамдық кеңесіне ұсыныстар алу үшін жіберілді.